Меритократия қағидасы бойынша…
Бүгінгі таңда конкурсқа қатысып, мемлекеттік қызметшілер қатарына кіру мүмкіншілігін толық пайдалану әр адамның құқығы және әр тұлғаға қолжетімді болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі меритократия принциптерін ұстанып, қазіргі таңда айқын әрі қолжетімді форматқа айналды, сондықтан да әр азамат өзі-өзін танытып, мансаптық жағынан жоғарлауына тең құқығы бар.
-Мемлекетік қызметке тұру кез келген адамның қолынан келе бермейді деген жалған таптаурынды бұзу мақсатында, мәселен, жұмысқа қабылдауды, ең алдымен өзімізден бастадық,- деді ҚР мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов.
Оның айтуынша, ең алдымен кәсіби талаптарға және адам бойындағы жеке қасиеттерге мән беру қажет, соның ішінде ең бастысы- жауапкершілік, тыңғылықтылық және адалдық аса маңызды.
Жалпы, мемлекеттік қызметке келер алдында әр үміткер конкурстан өтеді, соның ішінде сертификат алу мақсатында тестілеу бағдарламасы, құжат тапсыру, әңгімелесу үдерісі дегендей, нәтижесінде үміткер комиссияның бағасын алады. Осы орайда тәуелсіз бақылаушының рөлі аса маңызды. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілер жұртшылықты бақылаушы ретінде конкурстық комисиия отырысына белсенді түрде қатысуға және де олардың әрбірі аталмыш конкурстардың айқын әрі таза өткендігіне көз жеткізуге мән беруде. Мәселен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінде конкурстық комиссияның отырысы болып өтті. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін он төрт үміткер қатысты. Отырысты айқын және әділ өткізу мақсатында оған қоғамдық бірлестіктердің, саяси партия өкілдері, сонымен қатар облыс әкімдігіндігінің әдеп бойынша уәкілетті тұлға А.Мұхамеджанова қатысып, конкурсқа қатысушыларға ортақ талап қойылатына көз жеткізді. Тәуелсіз бақылаушылардың айтуынша, әр қатысушы өз біліктілігін, әрі қойылатын талап бойынша жұмыс жүргізу мен ұсыныстарын толықтай көрсе білді. Ал, енді үміткерлердің қайсысының бағы жанғанын комиссия шешеді.
Гүлназым САҒИТОВА