Отаны бірдің тілегі бір, жүрегі бір

Қостанайдағы Балалар шығармашылық үйінде «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас  елдің рухани негізі» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Оған Қазақстан Республикасының ішкі істер министрінің орынбасары, сондай-ақ, орыс және славян, казак қауымдастығы ассоциациясы төрағасының орынбасары Владимир Божко, Қызылорда қаласындағы жасөспірімдер мен оқушылар үйінің директоры, Қазақстан Ассамблеясының мүшесі Наталья Жұмаділдаева, «Республикалық ұйғыр этномәдени орталығының» төрағасы Шаймардан Нұрымов сияқты алыстан арнайы ат арытып келген құрметті қонақтар қатысты.MAR_1058.JPGсс
Меймандар жиналған жұртшылққа Елбасымыздың тереңнен толғап, өткен тарихымыздан нақты дәлелдер келтіре отыра, осы ұлан-ғайыр даламызда ежелден қазақ ұлтының жасап келе жатқанын айтып, одан әрі жалғасып, мәңгілік ел болып қалуға шақырған «Мәңгілік Ел» ұстанымы туралы кеңінен таратып әңгімеледі.
Бұл – ел ішінде ұлтаралық қатынасты нығайтып, ауызбіршілік пен ынтымақтастықты дамыту керек екенінің айғағы. Себебі, жұдырықтай жұмылсақ қана мәңгілік ел бола аламыз. Осы тұрғыда Владимир Божко мырза өзінің еңбек жолында көрген-білгенінен мысалдар келтіріп, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыратын оқиғаларынан сыр шертті. 25 жыл Тәуелсіздіктің ішінде Қазақстанның жаһанға тез танымал болып, өркендеп, өскенін, оған кемеңгер Ұлт Көшбасшысының ерен еңбегінің зор екеніне тоқтала кетті.
-Бауырына талай ұлтты сыйғызып, айрандай ұйып отырған қазақ жерінің бір бөлшегі – Қостанай. Қостанай – әманда достық қаласы. Астықты өңірде әр ұлттың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келеді. «Жұмыла көтереген жүк – жеңіл» демекші, жаны жайраңдаған қостанайлықтар Қазақстанды, алыс-жақын шет елдерді сапалы өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр.
Мен Қостанайға келген әр сапарымда байқап отырамын. Қала орталығы да күн санап көркейіп келеді. Халқы да жайдарлы,-дейді В. Божко.MAR_1029
Түріміз бен тіліміз, дініміз бен діліміз әрқалай болғанымен, отанымыз бір. Кемеңгер қазақ «Отаны бірдің жүрегі бір, тілегі бір» деген. Ал, қазақстандықтардың арманы жалғыз ғана бейбітшілік.
Жиын барысында жергілікті ассамблея мүшелері сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты. Қостанай облысында ел бірілігі үшін жасалып жатқан іс-шаралармен танысып, шаһардың шырайлы жерлерін аралады.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓