Әсемдік пен әдептілік тележурналы – “АЖАР

"Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен" асыл ана, абзал әйел, іскер қыз-келіншектердің бүгінгі қоғамдағы рөлі орасан зор. Ақылды әйел қашанда отбасы мен қызметін бірге ала жүріп, ер азаматпен тең еңбек етуге де құдіретті. Бір шаңырақтың отымен кіріп, күлімен шығып, одан тыс түздегі шаруасын тәп-тәуір дөңгелетіп жүрген әйелдің болмысы, жан сарайы жайында "Қазақстан-Қостанай" облыстық телеарнасының "Ажар" бағдарламасында баяндалады. 
Безымянный-2
Былтыр қыркүйек айынан эфирге шыға бастаған "Ажар" – қазыналы Қостанайда өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі болған Кәмшат Дөненбаева, Әсия Беркенова, Бижамал Жаңбыршинова, Гүлсара Мамажан, тағы да басқа нәзік жандылардың тағдырынан үзік сыр шертіп, беймәлім қырларымен таныстырды.
 
 
Ақпаратты иеленген әлемді билейді
"Қазақстан-Қостанай" облыстық телеарнасы маусым айынан бастап көрермендеріне "Бизнес жаңалықтар" жобасын ұсынуда. Жұма сайын  қорытынды "Жаңалықтарда" шығады.
Безымянный-1
Мұнда ел, облыс экономикасына қатысты маңызды мәліметтер сарапталып, әлемдік биржалардағы астық, мұнай, бағалы металл бағамдары да қамтылады.  Әсіресе, ауыл шаруашылық саласына қатысты өзекті мәселелердің шешімі, мемлекеттік қаржылық қолдау мен субсидиялар жайында мәліметтер тарату "Бизнес жаңалықтарының" басты бағыттарының бірі.
 
 
 
 
 
 
Гүлнұр НҰРМАҒАМБЕТОВА,
"Қазақстан-Қостанай" телеарнасының редакторы.

 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓