Батпаққа батқан балықшылар

Меңдіқара ауданында толассыз жауған жаңбырдың кесірінен батпаққа батып қалған балықшыларды «Нива марш бронто»  арнайы көлігінің көмегімен  құтқаруға тура келді.
коликОблыстық төтенше жағдайлар департамент  өкілі Уәлихан Дусановтың мәлімдеуінше, Рудный қаласынан Меңдіқара ауданы Татьянов ауылына балық аулау мақсатында келген балықшылар көліктерін өзен жағалауына қалдырып, өздері іске кіріседі. Осы сәтте аяқ астынан  шелектеп құйған жаңбыр темір тұлпар тұрған аймақты лай батпаққа айналдырады. Осылайша батпаққа батқан балықшылар  жергілікті құтқарушылардан көмек сұрайды. Бірақ көмекке келген арнайы техника да лайдың ортасында қалған жеңіл көлікті шығара алмапты.Сондықтан бұл іске облыстық құтқарушылар араласады. Жол талғамайтын «Нива марш бронто» көлігінің арқасында балықшылар аман-есен құтқарылды.
 
Мешіт Ғазиз

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓