Қостанай атты тұлпар топ жарды
Түркияның Измит қаласында өткен ат жарыста Қостанай есімді тұлпар оза шауып, бас бәйгені алды. Сәйгүлікітің иесі – қостанайлық Әскер Мамедов. Қостанай – түрік жылқысы мен ирландық биенің будандастығынан туған. Ол әлі екі жаста. Алайда, аты Қостанай болғанымен, тұлпардың тұяғы қазақ жеріне тимеген.
(Сурет Әскер Мамедовтың жеке мұрағатынан)
– Өзім қостанайлық болған соң жылқыны солай атадым. Өзге елде көрермендер сенің туған қалаңның атын атап, айғайлап жатқаны маған ұнайды. Себебі, мен өз туған жерімді жақсы көрем. Қостанай өзінің тұңғыш жеңісімен 24 500 доллар пайда түсірді. Келешекте Dubai World Cup сияқты үлкен бәсекелерде топ жарады деп сенемін,- дейді Әскер Мамедов.