Жайбасарлық жараспайды

Өңір бойынша жылу және сумен жабдықтау, су құбырларын жаңарту жұмыстарын жылдамдату мақсатында 2015-2016 жылдары 150 млрд. теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Оның 60 млрд. теңгесі өткен жылдың еншісінде болса, биыл 90 млрд. көзделіп отыр.
Бұл жайында облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Қайдар Қамбаров әкімдіктің кеңейтілген мәжілісінде мәлімдеді.акимат
Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Халыққа жолдауында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын (ТКШ) жаңғыртудың инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударды. Соның негізінде 2015 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы қабылданып, жер-жерде ТКШ дамыту қолға алына бастады.
Бұл қаржыландыру жобаларының бір түрі бюджет есебінен несиелендіру. Нақтырақ айтсақ, табиғи монополиялар нысанына республика бюджетінен жергілікті атқарушы органдар ғана бюджеттік несиелендіру береді. Оның мерзімі –  20 жыл, жеңілдік кезеңі – 6 жыл, пайыздық мөлшерлемесі – 0,02%-ды құрайды. Әрине, мұның табиғи монополиялық нысандарды жаңғыртуға көп көмегі тиері анық.
Қайдар Жабықбайұлы өз баяндамасында қала, аудандардағы ТКШ жаңғыртуға қатысты бірнеше өзекті мәселелерге тоқталды. Соның біраз дерлігі әлі жобалық-сметалық құжатын тапсырмай жатқан мемлекеттік мекемелер сынға алынды. Әсіресе, Қостанай, Лисаковск қалалық әкімдігі мен Жітіқара және Қостанай ауданы әлі де құжаттарын кешіктіруде.
Өңір басшысы Архимед Мұхамбетов аталған мәселелерден әкімдерге тез арада қорытынды шығаруларын, жайбасарлық  жараспайтындығын талап етті.
Бұл туралы толық ақпаратты газеттің алдағы сандарынан оқи аласыздар.
 
Нұрболат МЕШІТБАЕВ.
                                    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓