Қауіпсіздік – басты мақсат

«ССКӨБ» АҚ бөлімшелерінде еңбекті қорғауға, өнеркәсіп қауіпсіздігіне және жарақатты болдырмауға баса мән беріледі. Оның дәлелі ретінде кәсіпорынға тиесілі «ТрансРудныйАвто» ЖШС ұйымдастырған автошеруді алсақ болады. «Қауіпсіздік жолы – біздің жолымыз» деп аталған мұндай шара бірлестікте бірінше мәрте өткізіліп отыр.1 (1)
– Біздің серіктестікте жол жүру қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Себебі, жүргізушілер жол ережелерін сақтағанда ғана кез келген жарақат пен қайғылы жағдайлардың алдын алуға болатынын жақсы түсінеді, – дейді «ТРА» ЖШС директоры Евгений Кошелев.
Колонна құрамында екі вахталық автокөлік, самосвал, жарғыш және автогидрокөтергіш көлік болды. Олар Сарыбай кен басқармасы, фабрикалық кешен және Автокөлік басқармасы орналасқан аумақпен жүріп өтіп, жол бойы көлік динамиктерінен қауіпсіздіктің «алтын ережелерін» қайталап отырды.Изображение 175 (1)
Игі бастама жөнінде Автокөлік басқармасының технологиялық автокөлік жүргізушісі Андрей Анкундинов былай дейді:
– «ССКӨБ» АҚ-да жұмыс істеудің алғышарты – еңбек қауіпсіздігін сақтау. Осыны насихаттауда мұндай шаралардың маңызы зор. Автошеру қатардағы жұмыскерден бастап басшылардың адам өміріне деген жауапкершілігін арттыра түсетініне сенімдімін.
Ұйымдастырушылар автошеру басқа да бөлімшелер тарапынан қолдауға ие болып жатса, алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұратындығын айтады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓