Апатқа айыпты азаматқа үкім шығарылды

Бүгін  Қостанай қаласының №2 соты Роман Свешниковті ҚР ҚК-нің 345 бабы 3 бөлігі бойынша айыпты деп танып, сот үкімін шығарды.
Іс материалдары бойынша,  2015 жылдың 10-қазанында сағат 02.40 шамасында Қостанай қаласында  «Ваз 21093» автокөлігін басқарған жүргізуші Р. Свешников қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, жүру жылдамдығын шамадан тыс асырған. Темір жол вокзалы жағынан Гоголь көшесімен Тобыл өзені бағытына қозғалып бара жатқан жүргізуші Чехов көшесінің қиылысында «Volkswagen» автокөлігіне жол бермей, автокөліктердің соғысуына себеп болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen» көлігіндегі жолаушы М. дене жарақатын алып, Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіледі. Алайда, ауыр жарақат алған М. есін жимастан қаза тапқан.
Қостанай қаласының №2 сотының үкімімен Р.Свешниковке қоныс-колонияда 1,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, ол бес жыл мерзімге көлік жүргізуге қатысты құқығынан айырылды.
Сондай-ақ сот жәбірелнуші тарап пайдасына 1 млн. теңге көлемінде моральдық залалды өндірді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
 
Қостанай облыстық соты

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓