Жақсылық жасауға асық

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов биылғы жылғы ел алдындағы есеп беру жиналысында «Көркейе бер, Қостанай» акциясының тұсауын кескен болатын. Оның мақсаты қостанайлықтарды кіндік қаны тамған өз ауылы немесе қаласын көркейтуге шақыру. 
Жуырда Аманкелді ауданының жастары өздері өсіп-өнген, өмірдегі алғашқы қадамдарын бастаған туған жерлеріндегі көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік алып берді. Астана, Қостанай, Атырау, Алматы қаларында жұмыс істеп жүрген жастар туған ауылдарына тамшыдай болса да көмек берейік деп шешкен. 12814446_1094909077220310_126710825120763052_nРеспубликамыздың әр аймағында қызмет етіп жатқан жастар фейсбук әлеуметтік желісінде Батпаққара тобын құрған болатын. Осы топтың белсенділері – Әсел Белгожина, Бақытнұр Әлібай, Исатай Әбілтаев, Батырxан Касымов, Дидар Байжанова, Еркебулан Зұлқарнаев, Бекболат Хасенов, Мөлдир Дуйсенбаева, Дархан Әжібеков, Айбек Танатбаев және Біржан Мешелов. Аталған жастар Астанада басқосып, ақылдаса келе әркім өз шамасына қарай ақша жинайды. Аудан орталығындағы мешіттен жағдайы төмен отбасылар туралы мәлімет алады. Ауыл тұрмысына қажетті көмір, азық-түлік сатып алып, үлестірді. 
-Біз асып-тасып жатқан бай емеспіз. Бірақ ниетіміз түзу. Ауданымыздың жастары жақсылық жасауға әрқашан дайын екеніндерін білдірді. Мұндай игі іс-шаралар өз жалғасын табарына сеніміміз мол,-деп жазды Біржан Мешелов фейсбуктегі парақшасында. 12803007_1094909123886972_9120194830267311801_nАдам баласы жасаған қайырымдылықты аз-көп, жақсылықты үлкен-кіші деп бөлмесе керек. Туған ауылдарынан жырақта жүрген жастардың бұл бастамасы көңіл қуантады. Облысымыздың әрбір перзенті өскен ортасына аз да болса жақсылық жасай білсе, Қостанайымыздың көркейе берері анық. Бейімбет Майлин айтып кеткен «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген сөздің жалғасы осы болса керек. 
 
Қымбат ДОСЖАНОВА

You may also like...

3 Responses

  1. Қолқоюсыз айтты:

    Жарайсындар, осындай иги истер  жалгасын таба  берсин

  2. Гаухар айтты:

    Жарайсыздар! Осындай иги истер жалгасын таба берсин.

  3. Сания айтты:

    Жарайсындар! Тек кана алга, сендер сиякты жастар кобейе берсин

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓