Туындыларын туған жеріне арнады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Балалар шығармашылық үйінде «Молодое поколение Z» атты этномәдениеттік мұра фестивалі болып өтті. Байқауды ұйымдастырушылар Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Балалар шығармашылығы мектебі. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, еліміздегі татулық туы мәңгі желбіреп тұру үшін достық пен ұлтаралық қатынасты дәріптеген жөн.
Өңірдегі өнер бәсекесі балғын өнерпаздардың шағын концерттік бағдарламасымен басталды. Қазақстан еліне және Тәуелсіздікті әспеттейтін патриоттық әндер шырқалып, әр ұлт өкілдерінің ән-биі орындалды.

Айтулы іс-шараға Қостанай қаласындағы мектептердің ұстаздары, оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.





Жарыс соңында жеңімпаздар марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Жыл аяғына дейін айтулы байқау тағы өткізіледі деп отыр ұйымдастырушылар.

Кенже ҚОНЫСБАЙ