Жеңімпаздар
Әулиекөл ауданында Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Баймағамбетовты еске алуға арналған 1996-1998 жылғы жасөспірімдер арасында самбо күресінен облыстық турнир өтті.

Біз жарыс туралы жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Руслан Сайлауұлынан ой бөлісуін сұрадық.
– Руслан аға, аталған жарыс қалай өтті деп ойлайсыз, шәкірттеріңіз үмітіңізді ақтай білді ме?
– Енді, бұл самбо күресі Қостанай облысында үлкен деңгейде дамыған. Сондықтан да атсалысып, ұйымдастырып, қолдау көрсететін ағаларымыз баршылық. Тыңдаушыларымыздың жеңіс тұғырына көтерілгені, әрине, қуанарлық жағдай. Спорттың бұл түріне Қостанай академиясы да үлкен мән беріп отыр. Неге десеңіз академия басшылығы болашақ офицерлердің тағылымды тәлім-тәрбие, білім алуымен қатар олардың дендері сау, спортпен шұғылдануына да жағдай жасап отыр. Оларға қолдау, көмек көрсетудің нәтижесінде республикалық, облыстық және жергілікті деңгейде өткізілетін сайыстарға тыңдаушы спортшыларымыз қатысып, өздерінің спорттық дәрежелерін шыңдап отыр. Академиямыздың бастығы полиция полковнигі Мейірлан Қызыловқа бізге қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Жеңімпаз спортшыларымыз 1 курс тыңдаушылары болғандықтан, олардың бағындырар белестері, асатын асулары алда.
Асан БАҒДАУЛЕТ,
ҚР ІІМ Қостанай академиясының