Мүгедек арбасын сыйлады

«Nur Otan»  партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Лисаков қаласының тұрғыны Екатерина Бузмаковаға мүгедектерге арналған  арба тарту етілді. 7ff5c2f8-9d90-4b5e-bc30-ed6afae7477710 жасар Екатеринаның анасы Оксана Бузмакова көмек сұрап партияның Лисаков қалалық филиалына жүгінген. Оксаның баласы кішкентай кезінен орташа ауырлықтағы бұлшықет дистрофиясы ауруымен ауырады. Бұл дерт сирек кездесетін әрі көп қаражатты қажет ететін дерттердің бірі болып саналады. 326e13f6-9df1-4da8-93cd-d849bdce5379 Оксана Бузмакова онлайн қабылдауға «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі Назил Раззактың қабылдауында болып, партия оның мәселесін шешіп беруді уәде еткен еді. Партияның берген уәдесін орындады. Өз кезегінде баласына көрсетілген көмекке Оксана Бузмакова алғысын айтып, ризашылығын білдірді.142cbd4f-c3a2-4d89-a1ba-9da341e6eecf

Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓