Өңірімізде жемқорлық құқық бұзушылық екі есеге төмендеді

Облыстық тексеру комиссиясы 2011-2014 жылдар аралығында 549 нысанға 63 бақылау шарасын жүргізіп, 402 нысандағы заң бұзушылықтың бетін ашқан. Соның салдарынан 43,8 млрд. теңге мақсатсыз жұмсалған. Мұның үстіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік сатып алу, салық, бухгалтерлік есеп саласында да бірқатар кемшіліктер орын алған. Жалпы көрсеткіш өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 17 пайызға төмендеген. Бұл туралы облыстық филармонияның мәжіліс залында өткен жемқорлықпен күрес мәселесі жөніндегі өңірлік комиссияның кезекті отырысында облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Әмірхан Асанов айтып берді:
жемқорлық-520x245– Бір-біріне ұқсас заң бұзушылықтар жылдан-жылға қайталанып отыр. Мәселен, кемшіліктердің үштен бірі бюджеттік кодекстің бұзылуы, бухгалтерлік есеп беру, мемлекеттік сатып алу, салықтан жалтару, сәулет және қала құрылысы ісі бойынша орын алып отыр. Мұндай олқылықтар 402 нысанда орын алды. Сондай-ақ, жұмысын сапасыз әрі толық аяқтамаған мердігерлердің бюджетке қайтаратын қарызы да шаш етектен. Бақылау шараларының қорытындысы бойынша 67 әкімшілік хаттама толтырылды.
"Соңғы жылдары бірінші рет бес айдың ішінде жемқорлық құқық бұзушылық екі есеге (78-ден 36-ға дейін) төмендеген, – деді аймақ басшысы мәжілісте. – Сыбайлас жемқорлықтың айтарлықтай азайғаны барлық күш құрылымдары жұмысының нәтижесі", деді Н.Садуақасов.
Әмірхан Асановтың айтуынша, қазір қалпына келтіретін және мемлекетке қайтаратын сома 10,4 млрд. теңгені құраса, оның 10,1 млрд. қаржысы қайтарылып алынған.
Негізгі заңды аяқасты еткен аудандардың көш басында Алтынсарин және Қарасу өңірлері тұр. Ал облыс әкімі Нұралы Садуақасов мұндай кемшіліктер, әсіресе, мемлекеттік сатып алу саласында жиі орын алатынын айтып, заң бұзушылықтардың қайталанбауын, бұл мақсатта аудан әкімдеріне белсенді жұмыс жасауды және кадрлардың біліктілігін арттыруды ескертті.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓