Балдызын пышақтаған жезде ісі

Қостанай облыстық сотында адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі қарау басталды деп хабарлады баспасөз қызметі. Сотталушы Кашар ауылының 36 жасар тұрғыны.сотталушы 1
Оқиға екі жұптың арақ ішіп, отырыс құрғанына басталған. Жәбір көрген ер азамат пәтер иесінің туған ағасы. Апасының үйінде қонақта болған ерлі-зайыптылар үйлеріне қайтады.  Жарты сағат өткеннен кейін апасы інісіне қоңырау шалып, жездесінің оны ұрып тастағанын айтады.
Соққыға жығылған әйелдің інісі мен келіні қайта келіп, балдыз қол көтерген жездемен сөйлеспек болады. Мұның соңы төбелеске ұласқан. Әйелдер оларды арашалап, ашуларын басады. Берекесі кеткен үйден жәбірленуші мен екі әйел кетпек болады. Бұл кезде ас үйге өтіп кеткен айыпталушы  пышақ алып шығып шығаберісте тұрған балдызының мойнына соққы жасайды. Ер адам алған жарақаттан сол жерде көз жұмған. 
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓