«Алтын микрофон-2022»: облыс намысын кімдер қорғайды?

«Алтын микрофон-2022» XIX Халықаралық вокалистер байқауының жыл сайынғы on-line облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.2022 жылдың 26 қантары мен 28 ақпаны аралығында байқауға 47 үміткерден өтінім келіп түскен. Қазылар алқасы барлық бейнематериаларды көріп-тыңдап, I, II және III дәрежелі лауреаттарды анықтады. Жеңімпаздар «Алтын микрофон-2022» XIX Халықаралық вокалистер конкурсында өнер көрсетуге мүмкіндік алды.
Сонымен, төрт жас санаты бойынша 11 жүлдегердің және бір арнайы сыйлық иегерінің есімі белгілі болды:
Кіші топта (7-10 жас):
1.Түгел   Сағындық  1-орын (Қостанай қ.) 
2. Жұмаш Аяулым  2- орын (Амангелді ауданы)
3.Сатымова Ильназ 3-орын (Жітіқара ауданы) иеленді.

 

 

Орта топта (11-13 жас):
1.Аюпова Ясмин 1-орын (Жітіқара ауданы)
2.Қаршыға Әсем 2-орын (Қостанай қ.)
3.Колмыченко Елизавета 3-орын (Қостанай қ.)
4.Жұмағали Айназ  3-орын (Амангелді ауданы) иеленді.

Үлкен топта (14-17 жас):
1.Келлер Руслана 1-орын (Әулиекөл ауданы)
2.Кирьяк Елена 2-орын (Әулиекөл ауданы)
3.Нартова Ольга 3-орын (Қостанай қ.)

Кәсіби топта (18-23 жас) Мұхамбетжан Айгерім 1-орын (Амангелді ауданы) иеленді.

Сондай-ақ, байқау ұйымдастырушылары қостанайлық Әлмансұр Қарабековке арнайы сыйлық тағайындады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, Қостанай облысының намысын байқаудың халықаралық кезеңінде әр жас санатынан төрт жеңімпаз қорғайды.  Атап айтқанда, кіші топта Түгел Сағындық, орта топта Аюпова Ясмин, үлкен топта Келлер Руслана және кәсібилер тобында Мұхамбетжан Айгерім жолдама алып отыр.
 
 
 
 
 
Айта кетейік, облыстық қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық конкурстардың лауреаты,Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының солисі, қазылар төрағасы Гүлбану Абдуллина,
республикалық және халықаралық вокалдық  байқаулардың жүлдегері, Қостанай облысы меценаттар сыйлығының лауреаты, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармониясының әншісі Галина Санарова, «Шабыт» фестивалініңң лауреаты, халықаралық конкурстардың лауреаты, Қостанай меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты, облыстық филармония жанындағы «Славянская песня» ансамблінің солисі Татьяна Мырзатаева болды.
Байқаудың ұйымдастырушылары – облыстық Мәдениет басқармасы және облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы.
Сурет және бейнематериалдар облыстық көркемөнерпаздардың
халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы сайтынан алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓