49 елді мекенді су басу қаупі бар 

Қостанай облысында екі мыңдай адам тұратын 49 елді мекенді су басу қаупі бар. Осыған орай ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер аймаққа арнайы келіп, өңірді тікұшақпен аралап шықты. ттт1Биыл Қостанай облысында қар қалың түсті. Облыс әкімдігінде шұғыл жиын өткізген басшылар қауіп төніп тұрған елді мекендердің басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қазір арнайы штабтар құрылып, алдын алу шаралары қолға алынды. Облыста азық-түлік, дәрі-дәрмек қоры жасақталды, адамдарды қабылдайтын 68 нысан да әзір тұр. Су тасу кезеңі наурыз айының соңын басталады деп болжануда, 40 күнге созылуы ықтимал. тттҚар күрт еритін болса, қатер де соншалықты ауқымды болмақ. Владимир Беккер, ҚР ІІМ ТЖК төрағасы:  
– Қазіргі сәтте су тасқынының алдын алуға бағытталған шаралар жүріп жатыр. Дәл бүгін су тасиды деген қауіп жоқ, қыс әлі күшінде. Бірақ кез келген оқыс жағдайға дайын тұруымыз қажет. Сан соғып қалуға болмайды. Барлық күш пен қаржыны екшеп, су тасқынынан төнер қауіптің алдын алуымыз керек. Биыл 3-4 наурыз аралығында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтетін болады,-деді.
 
Ш.АҢСАҒАНҚЫЗЫ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓