Келіспеушілік соңы кісі өлімімен аяқталды

Облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен айыпталушы Ш. тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол қатаң тәртіптегі түзету колониясында жазасын өтейтін болады.
Áîðüáà ñ ïðåñòóïíîñòüþІс қағаздарына сүйенсек, осы жылдың 8 маусымында Денисов селосындағы “Томирис” шатханасында отырған А. мен Ш.-ның арасында түсініспеушілік туындайды. Бұл кикілжіңді қоғамдық орыннан тыс жерде шешуді ұйғарған Ш. қарсыласын көлікке отырғызады. Ауылдан 500 метрдей ұзап, көліктен түскен екеуі сол жерде жанжалдаса бастайды. Төбелестің салдарынан А. басынан қатты соққы алып, сол жерде құлайды. Бірақ, айыпталушы кісі өлтіру мақсатымен жәбірленушіні соққыға жығуын тоқтатпайды, ал ауыр дене жарақатынан А. оқиға орнында көз жұмады.
            Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ
 
Қарлығаш Оспанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓