Марат анасын тапты

Ана мен бала 24 жылдан соң қауышып отыр… Марат Бучиевті "Қостанай таңы" газетінің оқырмандары жақсы танитын болар. "Тұл жетім" қорғансыз, баспанасыз көшеде қалғанын айтып, редакциямыздан демеу сұрап келген-ді. Оның кермек дәмді тағдыры туралы материал жарияланып, ізінше көмек беруге ниетті жандар табылды. Алматыға шығарып салдық. Тәп-тәуір жұмысқа тұрып, құжаттарын реттеп алды. Қолы аузына жетіп, тіршілігі қалыпқа келген соң әлсін-әлсін рахметін айтып қоңырау шалып тұратын. Сондай бір сөйлесіп жүргенімізде көкейінде "енді анамды тапсам" деген арманы барын айтатын еді. Сол арманына жетті.марат
Жақында Қостанайға қайтып келмекші екенін естігенбіз. "Әдемі жұмысын тастап, жанашыр жандарға қолды бір-ақ сілтегені несі?.." деп, іштей реніш білдіріп те қалдық. Сөйтсек, анасы табылғаны туралы хабар жетісімен Қостанайға оралуды шешкен екен. Олардың қауышуына Төлегеновтер отбасы көмектесіпті. Бұл отбасы бір кездері Маратты көшеден алып келіп, бірнеше күндер бойы үйлерін паналатып, тамақтандырып, мейірімділіктерін танытқан да болатын. Енді, міне, "Қайыр қылсаң, бүтін қылдың" үлгісін көрсетті. Ол кісіні табу оңайға түспеген. Мәселе Мараттың тегінде болып шықты. Яғни "Бучиев" емес, "Бучнев" екен. Анасының есімі – Рахиля. Қарабалық ауданының Жеңіс ауылында тұрады. Күні кеше ет жақынынан ешкімі болмаған Марат анасымен ғана табысып қойған жоқ, 7 іні-қарындасымен танысты.  Қазіргі уақытта ол ауылында, үйінде, анасының құшағында, бауырларының ортасында.
 
(Сурет "Костанайские новости" газетінің ресми сайтынан алынды)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓