Қасақана көлік өртеген

Бүгін Рудный қаласының тұрғыны жергілікті полиция басқармасына үй маңынан автокөлігі ұрланғанын айтып, хабарласады. Сәлден кейін жәбірленуші жанып кеткен көлігін жақын жерден тауып алыпты. Сондай-ақ, жақын жерде әйнектері сынған тағы бір көлік табылды.
Әлеуметтік желілерде осы оқиға туралы бейнежазба таралды.
 
Рудный қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Алиманов аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексі 202-бабы "Бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазіргі уақытта қылмысқа күдікті адамдарды іздеуге бағытталған қажетті тергеу және жедел іс-шаралар жүргізілуде", – дейді Қостанай облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓