Ел мен Елбасы – егіз ұғым
Қостанайда Е. Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай салтанатты шара өтті.
Мемлекет Әнұранынан басталған салтанатты жиында Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті туралы фильмнен үзінділер көрініс алып жатты.
Елбасының өмір жолы, сындарлы саясаты, маңызды шешімдері көрерменге ретімен жол тартты. Бұл күн Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнауымен тұспа-тұс келді.
1991 жылғы 1-желтоқсанда өткен бүкілхалықтық сайлауда Н.Ә.Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайыз қолдауымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып сайланды.
Бұл мерекенің ерекшелігі жоғары. Қазақстанның жаңа тәуелсіз мемлекет болып қалыптасуы, әлемдік аренада өзіндік орны бар, қарышты дамып отырған еліміздің сыртқы-ішкі саясаттағы жетістіктері Қазақстанның Тұңғыш Президентімен тікелей байланысты.
Сондықтан да Ел мен Елбасы, Тәуелсіздік пен Тұңғыш Президент егіз ұғым.
Сахна төрін жандандыра түскен өнерлі өрендердің еңбектері ерекше болды. Салтанатты жиынды өңірімізге танымал өнер майталмандарының концерттік бағдарламасы қыздыра түсті.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ