Қостанайлықтар жеңіске жетті
26-28 маусым аралығында Қостанайда волейболдан ҚР ІІМ чемпионаты болып өтті. Спорттық іс-шара Қазақстан полициясының құрылғанына 22 жыл толуына арналды. Жарыста алаң иелері – Қостанай облыстық ІІД құрамасының мерейі үстем болды(суретте).

ОІІД бастығы полицияның генерал-майоры Тілеген Мәткенов жеңімпаздарды медальдар және кубоктармен марапаттады. Чемпионатқа қатысқан әр командаға ескерткіш сыйлықтар, фотоальбомдар мен грамоталар табыс етілді.