Қайырымдылық акциясы басталды

ҚР Қызыл Жарты ай қоғамының Қостанай облыстық филиалы тарапынан көмекке зәру жетім балаларға қолдау көрсету мақсатында «Жақыныңа жәрдемдес» қайырымдылық акциясын жариялады.
қызыл жаты ай Акция барысында үйсіз-күйсіздер мен жалғызбасты зейнеткерлерге көмек қолын созу көзделіп отыр. Қызыл Жарты ай қоғамының Қостанай облыстық филиалының директоры Р.Савченконың айтуынша, 2013 жылы өткен қайырымдылық акциясынан 9 млн. 851 мың 788 теңге түскен. Жалпы акция барысында түрлі шараларды өткізу жоспарланған. Қоғамдық ұйым қолдаушыларға да көп үміт артып отыр. Олар салған қаржы қайырымдылық купондарын сатудан түскен қаражатпен біріктірілмек. Қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар облыс тұрғындарын акция жұмысына белсенді атсалысуға шақырады.
 
Шұға Қоңқабай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓