Сөз маржанын жиған ақын
Ыбырай Алтынсаринның облыстық мемориялды мұражайында танымал айтыскер-ақын Әсия Беркеновамен кездесу өтті. Ұйымдастырушылардың бірі Шынар Досмағанбетова бұл шара халық ақыны Әсия Айыпқызының мерейлі 65 жасқа толуына орай ұйымдастырылып жатқанын тілге тиек ете кетті.
Шара барысында жиналғандарға ҚР мәдениет қайраткері Бақытжан Сәуекенов ақынның «Немере» атты туындысына ән жазғаның айтып, көпшілікке таныстырып жатса, жас айтыскер Нұрсұлтан Қасым ақынға «Арнауын» жеткізді. Қатынасқан ақын-жазушылар көпшілікке ақын Әсияның балалық шағы, алғаш айтысқа түскен кезеңдері туралы қызық әңгімелерін айтты. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, кеш кейіпкері өз ойларымен де бөлісіп отырды. Бағдарлама облыстық филормонияның әншісі Манапбек Қадыровтың өнерімен жалғасып, көрермен көңілінен шықты.
Кездесуде Ғ.Ахметчин, Н.Мұқатов, А.Шаяхмет сынды замандас әрі әріптестері келген қонақтарға ақынның өмірі мен шығармашылығы турасында естеліктерін айтып, құттықтауларың жеткізді. Мұражай қызметкерлері де шағын сыйлықтарын табыстап, құрмет білдірді.
Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ