396 400 теңге айыппұл төлейді

Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік соты ҚР ӘҚБтК 676 бабы бойынша (жеке тұлғалардың заңсыз материалдық сыйақы беруі) 19 жастағы азаматқа қатысты әкімшілік істі қарады.сот
«Өткен жылдың желтоқсанында Қостанай қаласының орталық базары маңында  сұр түсті  «Лифан-214813» автокөлігінің тұраққа рұқсат берілмеген жерде, яғни қоғамдық автокөлік тоқтайтын орында  тоқтағаны анықталған. Осылайша, көлік иесі ҚР ӘҚБтК 597 бабы 1-тармағы бойынша көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзған. Айыбын мойындаған жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырмауды өтініп, полиция қызметкеріне 2 мың теңге көлемінде сыйақы ұсынған», – деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.    
Сот сотталушыны әкімшілік құқық бұзушылыққа айыпты деп танып, оған мемлекет пайдасына 200 АЕК көлемінде, яғни 396 400 теңге айыппұл салу түрінде әкімшілік жаза тағайындады.
Сот қаулысы әзірге заңды күшіне енген жоқ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓