«Жас Отан» жастар қанатының кеңейтілген отырысы өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінде «Жас Отан» жастар қанатының кеңейтілген отырысы өтті. Қаланың барлық білім ордаларының жастарын бір арнаға тоғыстырған кеңесті «Жас Отанның» атқарушы хатшысы Мұрат Ысқақов жүргізді.жас отан3
Бүгінде Рудный бойынша аталмыш ұйымның 500-ге жуық мүшесі бар. Олар өздеріне бекітілген учаскеде жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырып, «Жас Отанның» облыстық және республикалық деңгейдегі бас қосуларына жиі қатысып тұрады. Дегенмен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қабылданғалы жұмыс сапасын жаңа деңгейге көтеру кезек күттірмес мәселеге айналды.жас отан
-Дәл қазіргідей кезеңде жұрт ісі деп жұмылсақ, жұмысымыз алға басатынына сенімдімін. «Сан бар жерде сапа бар» демекші, ол үшін «Жас Отанды» кеңінен насихаттап, қатарымызды озат ойлы, жалынды жастармен толықтыруымыз керек. Бүгінгі жиналыстың да басты мақсаты – осы, – деді Мұрат Ахатұлы.жас отан2
Бас қосуда әрбір оқу орнынан келген көшбасшылар 2015 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, күрмеулі мәселелерді алға тартты. Сондай-ақ жастар осы жылы атқарылатын іс-шаралардың жоспарын бекітті. Жиын соңында бір топ студенттер мен оқушылар жаңадан «Жас Отан» жастар қанатына мүшелікке қабылданып, оларға арнайы куәліктер табыс етілді.жас отан4
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓