Сахнада – әскерилер

ҚР Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған академия қызметкерлері арасында «Жұлдызды сәт» көркемөнерпаздар сайысы ұйымдастырылды.
Оған 18-ден астам қызметкерлер қатысты. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Жезтаңдайлар ән шырқап, көркемсөз шеберлері мәнерлеп өлең оқыды. Билеу шеберлігін көрсетіп көпшіліктің көзайымына айналғандар да бар.8Қазылар алқасының төрағасы – Академия бастығының орынбасары полиция полковнигі Ербол Қаппасов, алқа мүшелері – Академия ардагерлер кеңесінің төрайымы отставкадағы полковник Татьяна Зюбанова және академияның баспасөз хатшысы Мейрам Оспанов болды.
Алғаш рет ұйымдастырылып отырған сайысқа құрметті қонақ ретінде Академия бастығы полиция полковнигі Мирлан Қызылов өз орынбасарлары және көмекшілерімен келіп қатысты. Мұндай мәртебеге ие болған сайыскерлер басшылардың және көрермендердің алдын да барын салып бақты.
Сайыстың беташарын жоспарлау және үйлестіру бөлімінің қызметкері Асқар Сырлыбаев Мұқағалидің «Шыда» өлеңін нақышына келтіріп оқып берді. Одан кейін Әсел Ақылбекова «Алтын бесік» әнін орындады. Сахнада осылай барлық жұптасқан және жеке ән шырқаған сайыскерлер халықты бір серпілтіп тастады. Халық әндері, эстрадалық жанр, әлемдік би паш етілді…11
Сөйтіп, қорытындысында 1-орынды қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасының қос оқытушысы Замзагүл Сүйеубаева мен  Гүльмира Кажикова дуэті Абай атамыздың «Желсіз түнде жарық ай» әнімен жеңіп алды. Екінші орынға  әлеуметтік жұмыс кафедрасының оқытушысы Алиса Есіргепова  «Туған жер» әнімен ие болды. Ал үшінші орын – «Қара бауыр қасқалдақ» әнін шырқаған кадр жұмысы бөлімінің инспекторлары Ләззат Нұралина және Руслан Аужанов дуэтінің еншісінде. 11Барлық жеңімпаздарға Қостанай облыстық «ГрИН» азаматтық алянс қоры демеушілік танытып, бағалы сыйлықтар тарту етті.
 
Мейрам Оспанов,
Академияның баспасөз хатшысы
 
 
 
 
  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓