Қостанайлық жастар Тәуелсіздік күнін атап өтті

Қостанай қаласының жастары тұғыры биік Тәуелсіздігімізді жұртшылық арасында насихаттады. Көк туымызды желбіретіп, тұрғындарға жалаушалар таратып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Патриот жастар бұл мейрамның қадір-қасиетін арттырып, көпшілік болып тойлауға шақырды.FUwJbt8mMBM Сондай-ақ, ұлт батыры Қайрат Рұсқылбековтың аты-жөні көрсетілмеген суретін тұрғындарға көрсетіп, ол туралы не білетіндерін сұрады.t6u6BFrjXacОтансүйгіш жас өскіндер бастамаларын әр жыл сайын өткізіп, дәстүрге айналдырғысы келмек. Қатарға кеп қосылмақ құрдастарын қуана қарсы алуға дайын. Тек бір күнмен шектелмей, тағы да тойлауға бел буып отыр. Өз ойларымен бөлісіп, сұхбат та берді.    
 
ibJrLjOKEMI
-Біз Тәуелсіздіктің қадірін жақсы білеміз. Тек әлеуметтік желілерде патриот болмай, халық арасына шығып, бұл мерекенің маңыздылығын көрсеткіміз келді. Қала тұрғындары бұл ісімізді жақсы қабылдады. Оларға осы күннің естелігі ретінде берген жалаушалар  қатты ұнады. Келешекте бізді қолдап, қатарымыз көбейе түсеріне сенімдімін,-дейді Жанболат Кенжеғұл.     jahA_Iba2l4

 Кенже Қонысбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓