Өтемақы төлеуге өтініш қабылдап жатыр

Қостанай облысында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның  22 мың салымшысы өтемақы алатын болды. Теңге бағамының өзгеруіне байланысты өтемақы 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттердің иелеріне ғана төленеді. Бұл туралы бүгін облыстық баспасөз клубында өткен брефингте «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Дәурен Саудабаев айтты.IMG_5102Өтемақы алу үшін  www.egov.kz  порталы немесе Банктің www.hcsbk.kz ресми сайтында қосымша келісім-шарт жасау керек. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды цифрлық қолтаңба аласыз. Қостанай қаласында төрт ХҚКО бар. Қала бойынша бүгінге дейін 900 салымшы қосымша шарт жасап үлгерген. Қосымша шартқа қол қою 2016 жылдың 8 ақпанынан басталып, 1 маусымға дейін жалғасады. Өтінім қабылдаудың соңғы күні 2016 жылдың 31 мамыры деп белгіленіп отыр. 
-Қазіргі уақытта салымшылардың өтініштерін қабылдап жатырмыз. Банк қызметкерлері белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Қосымша келісім-шарт жасау тәртібін нақтылап түсіндірудеміз. Сайтта арнайы бейнероликтер бар. Қосымша шарт жасаған салымшылардың бәріне өтемақы төленеді,-деді «Қазақстан тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ ҚОФ директоры Дәурен Саудабаев.
 

 Қымбат Досжанова. 
Суретті түсірген Айбек Жүзбай.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓