Ақпан айында 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті

Қостанай облысының төлеушілерінен ағымдағы жылдың екі айында медициналық сақтандыру қорына 740 млн. 824 мың теңге түсті. Ал, 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ағымдағы жылдң 28 ақпан аралығында түскен қаражаттың жалпы сомасы 6 млрд. 323 млн. теңге.доля1
Өткен айда еліміз бойынша медициналық сақтандыру қорына 7,6 млрд теңгеден астам жарна түсті. Жалпы, жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 28 ақпанына дейінгі аралықта жинақталған жарнаның жалпы сомасы 149,2 млрд теңгені құрады. Оның 140,5 млрд теңгесі (шамамен 94,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,8% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.доля2
Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр.
Жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 
 

 


 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓