Жарамсыздар сүріліп, жаңа үйлер бой көтереді
Билік Арқалық пен Жітіқара қалаларын иесіз қалған ескі үйлерден тазартуды жалғастырады.
Аталған елді мекендердің тұрғын үй мен құрылысы жайлы Қостанай облыстық әкімшілігінің архитетктура және қаланы дамыту басқармасының басшысы Арман Бекенов баяндады.
Оның айтуынша, Арқалық тұрғын үй мәселесін оңалту мақсатында, аз қабатты үйлер құрылысы қарқын алмақ. Бас жоспарда 6-7 және 9-шы шағын аудандарындағы аппатты жағдайда тұрған ескі үйлерді бұзу қарастырылған.
Жітіқара қаласындағы бос қалған үйлерді де қайта жаңарту мәселесі қарастырылуда. Сондай-ақ, жеке тұрғын үй құрылысын дамытуды көздейді. Қаланы апатты күйде тұрған үй қаңқаларынан тазарту да жоспарда