Р. Розыбакиев “Тобылда” бақылаудан өтуде
"Қайсар" клубының бұрынғы жартылай қорғаушысы Рақымжан Розыбакиев "Тобыл" сапында бақылаудан өтуде, деп хабарлайды Kazfootball.kz порталы.
Бұған дейін 24 жастағы жартылай қорғаушы шымкенттік "Ордабасы" сапында бақылаудан өткен болатын. Кейін Юрий Уткульбаев жаттықтыратын "Ақтөбе" сапында да жаттығу жасады. Бірақ, бұл екі клубта да Рақымжан Розыбакиев бапкерлердің көңілінен шықпады. Енді ол "Тобыл" сапына қосылып, қостанайлық ұжымның бапкерлеріне шеберлігін дәлелдеп жүр. Айта кетейік, бұған дейін Рақымжан Розыбакиев "Қайрат", "Оқжетпес" және "Қайсар" клубтарының сапында ел біріншілігінде 81 кездесуге қатысып, 2 гол соққан.