Демалыс күндері 28 мас жүргізуші құрықталды

Апта сайын ІІД жетекшілігімен «Мас жүргізуші – қылмыскер!» рейдтік іс-шарасы жалғасын табуда. ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі күн ішінде тәртіп сақшылары 638 әртүрлі жол ережесін бұзушыларды анықтады.images_cms-image-000003758 (1)
Полиция майоры Ю.Панасенконың мәлімдегеніндей, заңнаманың қатаңдана түсуі рөлге мас күйінде отырушылар санының кемуіне үлкен ықпалын тигізгені байқалады. Дей тұрғанмен, демалыс күндерінің айналасында-ақ ішкен бойы көлік тізгіндеген 20 адамның ұсталған. Бұл өңір үшін әлі де көп.
-Рейд барысында полицейлер ойын-сауық ошақтарын бақылауда ұстайды. Өйткені көбіне-көп көлікті мас күйінде басқарып келе жатып ұсталатындар, ЖКО-на себепші болатындар – сондай нысандардан «ауыз былғап» шығатындар, – дейді Ю.Панасенко.  
Өткен сенбі-жексенбіде ұзын саны 28 мас жүргізуші ұсталған. Олардың арасында бұған дейін де ішіп қолға түскен, сот арқылы жүргізушілік құқығынан айырылған азамат бар. Тағы бесеуі медициналық куәландырудан бас тартқан.
Бұдан өзге 42 жүргізуші жылдамдық арттырғандары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жаяу жүргіншілер жолағына қатысты ережені елемеген 7 көлік иесіне хаттама толтырылды. 149 жүргізуші қауіпсіздік белбеуін тақпағандары үшін айыппұл төлеуге міндетті. Тағы 75-і – рөлде келе жатып ұялы телефонмен сйлескендері үшін жазықты. 5 темір тұлпар әйнектерін көлеңкелегені үшін тоқтатылған. Жолда жүру ережесін бұзған 93 жаяу жүргінші де жауапкершілікке тартылды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓