Қостанайлық құтқарушылар жастағы нәрестеге көмекке келді
4 ақпанда Әулиекөл ауданындағы отбасы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті көмегіне жүгінуге өтініш білдірді. Көп балалы отбасындағы жастағы нәресте ыстық сумен күйіп қалған. Баланы тез арада аудандық ауруханаға жеткізу қажет болды, бірақ Доңғарбай ауылы аудан орталығынан 80 шақырым жерде орналасқан. Жолдарды қар басқан: не көлікпен, не жаяу жүру мүмкін емес. Отбасына Солтүстік ӨАЖҚЖ құтқарушылары «ТРЭКОЛ» арнайы жабдықталған көлігімен жол жүрді.
Оларға жолай Әулиекөл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және орталық аудандық аурухананың медбикесі мен реаниматологы қосылды. Дәрігерлер мен құтқарушылар ауылға жолсызбен 2 сағат жүріп барды. Балаға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны ауруханаға жатқызу керектігі шешілген.



Қостанай облысының ТЖД МТжАТ