Сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды

Қостанай облыстық соты Денисов аудандық білім бөлімінің бірінші сатылы сот шешіміне келтірген апелляциялық шағымы бойынша азаматтық істі қарады. Шағымда аудандық білім бөлімі орта мектеп директорын жұмысқа қайта алу туралы аудандық соттың 2015 жылдың 20 қарашасындағы шешімін жоюды сұраған. Сатушы 6 жылға сотталдыЕске салар болсақ, Галина Моргуль 1986 жылдан бастап мектеп директоры болып қызмет істеген. Осы жылдар ішінде оқу орны тек ауданда ғана емес, облыс бойынша алдыңғы қатарлы білім ошағы ретінде танылған. Оқушылар білім көрсеткіші жағынан өте жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, бірнеше рет «Алтын белгі» алған. Мектеп басшысының атына түскен алғыс хаттар да жоқ емес. Ал ағымдағы жылдың 18 мамырында «Денисов орта мектебі» ММ мемлекеттік аттестациядан сүрінбей өткен. Сонымен қатар, директор өзінің ұлғайған жасына қарамастан сырқаттану бойынша немесе өтемақысыз демалыс алмаған.
Соттық талқылау барысында талапкер қолданыстағы ҚР Еңбек кодексіне сай бір ай мерзім бұрын жазбаша ескертусіз жұмыстан шығарылғаны анықталды. Г.Моргульмен еңбек келісім-шартын бұзу туралы бұйрықта ҚР Еңбек кодексінің 51 бабының 2 бөліміне сілтеме жасалып, еңбек келісім-шарты оның мерзімінің өтуіне байланысты бұзылғандығы нақтыланады. Алайда, құжатта келісім-шарттың қашан бекітілгені және оның қашан мерзімі аяқталғаны көрсетілмеген. Жауапкер мен талапкер арасындағы еңбектік қатынас мерзімсіз сипатқа ие. Сот талапкерді жұмыстан шығаруға негіз таппай «Денисов орта мектебі» ММ директоры Моргульмен еңбек келісім-шартын бұзу туралы «Денисов аудандық білім бөлімі» ММ бұйрығын заңсыз деп танып, күшін жойды.
Сонымен қатар, сот шешімімен талапкер пайдасына 72 200 теңге көлемінде еңбекақы, 30 000 теңге моральдық залал өтемі және 10 000 теңге соттағы өкіл қызметіне шығын өтемі өндірілген болатын. 
Қостанай облыстық сотының сот алқасы бірінші сатылы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды. 
Сот қаулысы заңды күшіне енді. 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓