Есірткі сатушы әйел ұсталды
Қостанай полициясы арнайы операция жүргізіп, өңірге героин жеткізу үшін қылмыстық топ құрған 59 жастағы әйелді ұстады.
Бас-аяғы 11 адам құрықталды.Күдікті әйелге тиесілі жекеменшік үйден полиция қызметкерлері тінту барысында есірткі салынған пакет тапты. Сондай-ақ, күдіктінің үйінде есірткі өлшейтін құралдар, тіркелмеген аңшылық қару, сыбайластарымен байланысқа шыққан 64 телефон тәркіленді.
"Арнайы операция барысында есірткі сатумен айналысқан 11 күдікті ұсталды. Олар бұдан бұрын осындай қылмыстары үшін сотталған", — деді Өмірзақова.
Сот-химиялық сараптамаға сәйкес тәркіленген зат салмағы 3 келі 227 грамм георин болып табылады. Жедел тергеу шаралары барысында ІІД ЕКБ қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан сыбайластарына шықты.
Сыбайластары облыс аумағына сату мақсатында олардан тұрақты түрде героин алып отырған.