Жол қозғалысы қателігі қайғылы аяқталды

Қостанай қалалық №2 сотының қарауына 1994 жылытуған азамат С.-ға қатысты қылмыстық іс түсті. Ол көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын  пайдалану қағидаларын бұзуы, яғни ҚР ҚК-нің345 бабы 3 бөлігі бойынша айыпталып отыр. скачанные файлыІс материалдары бойынша, 2015 жылдың 10 қазанында сағат 02.40 шамасында Қостанай қаласында  «Ваз 21093» автокөлігін басқарған жүргізуші С. қозғалыс қауіпсіздігін сақтамай, жүру жылдамдығын шамадан тыс асырған. Теміржол вокзалы жағынан Гоголь көшесімен Тобыл өзені бағытына қозғалып бара жатқан жүргізуші Чехов көшесінің қиылысында «Volkswagen» автокөлігіне жол бермей, көліктердің соғылуына жағдай тудырған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Volkswagen» көлігіндегі жолаушы М. дене жарақатын алып, Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіледі. Алайда, ауыр жарақат алған М. есін жимастан қаза болған. 
Басты сототырысы 2016 жылдың 10 ақпанына сағат 09.30-ға тағайындалды. 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓