Апатқа айыпты азамат ұсталды

Қостанай қаласындағы Маяковский көшесінде балалы ананы қағып кеткен көлік жүргізушісі 5-наурыз күні қолға түсті. Бұл туралы Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.2e067f50f899729336581766df4e1801Медициналық бақылаудың қорытындысы бойынша, күдіктінің жол-көлік оқиғасы кезінде алкогольді ішімдік ішпегені дәлелденді. Қазір оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 4 наурыз күні, сағат 21.30-да Маяковский көшесінде тіркелген еді. 6 жасар баласын қолында көтерген ана жүргіншілер жолағымен жолдың арғы бетіне өтпек болған, алайда «Лада Калина» көлігінің иесі рөлге ие бола алмай, балалы ананы қатты екпінмен келіп қағады. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілгенімен, жеткіншек ауыр соққы салдарынан көз жұмған болатын. Анасы ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр.
Тәртіп сақшылары, тергеу амалдарын ширата түсу мақсатында, жол-көлік оқиғасының куәгерлеріне 52-63-36, 52-62-64 немес 102 нөмірі арқылы хабарласуды сұрайды.     

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓