Жалған полицей жазасын өтеді
Қостанай облысның Лисаков қалалық соты 32 жастағы Әсет Жанбековке қатысты қылмыстық істі қарады.
Іс материалдары бойынша, өткен жылдың жаз айларында Ә.Жанбеков полиция қызметкері ретінде Лисаков қаласының тұрғындарымен танысып, алдаусыратып олардың ұялы телефондарын, ақшалары мен алтын бұйымдарын, тіпті азық-түліктері мен заттарын ұрлаған. Қылмыстық әрекетінен кейін оқиға орнынан жасырынып отырған. Осылайша, 8 адамды алдаған жалған полиция қызметкері жәбірленушілерге 220 мың теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Сот отырысы барысында жәбірленушілердің барлығы да материалдық шығынды толығымен өтеген айыпталушыға кінә артпайтындықтарын мәлімдеп, істі тараптардың бітімгершілікке келуімен аятқауға өтініш жасаған.
Алайда Ә.Жанбеков осы тектес қылмыстық әрекеті үшін Қостанай қалалық №2 сотының 2015 жылдың 2 желтоқсандағы үкімі бойынша жазасын өтеуде.
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі