Сан да сапаға жауапты

Биыл елімізде Білім және ғылым саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының II кезеңі аяқталады. Оның алдын ала қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте облыстық білім басқармасының бастығы Василий Цымбалюк өңірдегі атқарылған істерге тоқталды. Айтуынша,  2016 жылдан бері  мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін 66,2 млрд. теңге жұмсалған.ABT_9563
Бүгінгі таңда  облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99,7% -ке жеткен.  Бұл жалпы республикалық көрсеткіштен 4,5% -ке  жоғары (республикада-95,2%). Облыс аудандары мен қалалары арасында Рудный мен Денисов ауданында ғана  осы жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен  қамту мәселесі мәз емес.ABT_9565
Саланы дамытуға бизнес-құрылымдардың ресурстары белсенді түрде тартылғанын айта кеткен жөн.  Бүгінгі күні облыстағы  әрбір үшінші балабақша және мектепке дейінгі әрбір бесінші мекеме жеке меншіктің үлесіне тиесілі.ABT_9567
2016 жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік  тетігі бойынша жалпы сомасы 1 млрд.теңге  көлемінде 16 келісім-шарт жасалған. Яғни,  өңірде осынша балабақша пайдалануға берілді деген сөз. Бұл қосымша 1858 баланы орналастырып, 200-ден астам мұғалімнің  жұмысқа тұруына септігі тиді.
Жиында сондай-ақ, облыс білім ошақтарын ІТ-бөлмелер және кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету мәселесі көтерілді. Облыстық білім басқармасы бастығының айтуынша, облыстағы  кейбір ауданда білім ошақтары  әлі күнге дейін кең жолақты интернетке қосылмаған.   Өңірде 4 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернетпен пен қамтамасыз етілген мектептердің үлесі 88,8% -ке тең.  Яғни, -498 мектептің 442 интернетпен қамтамасыз етілген.
– Мәселен, Науырзым ауданының көрсеткіші төмен, – деп атап өтті Цымбалюк, – онда 10 мектептің бар болғаны 3-і ғана жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген, ал  Бейімбет Майлин ауданында: 26 мектептің 13-і ғана кең жолақты интернетке қосылған.ABT_9573
Жалпы, облыстағы барлық мектепті  интернетпен қамтамасыз ету үшін 252 млн теңге қажет. Екінші  бір мәселе — компьютерлер жетіспейді.
– Бұл мәселелерді кешенді шешу керек, – деді облыс әкімі Архимед Мұхамбетов. Біз денсаулық сақтау саласында  компьютерлендіру мәселесін толық шештік,бірақ білім беру саласы одан да күрделі Мұнда  3-4 есе көп компьютер  қажет. Өңір басшысының айтқанындай,  қаржыландыру алдағы үш жылға есептелген. Алғашқы транш 2020 жылы түседі.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓