“ЕКІ ҰРПАҚТЫҢ ЖҰЛДЫЗДАРЫ”

Жексенбі күні Рудный қалалық Оқушылар мен жастар сарайы көрерменге лық толы болды. Себебі, мұнда Қостанай мен Рудный, Қашар кенті мен Меңдіқара ауданының шығармашыл жастары мен ардагерлері дәстүрлі «Екі ұрпақтың жұлдыздары» фестивалінде бас қосты.IMG_9752
IMG_9702
Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Елена Скаредина бір отандағы біртұтас халықтың салт-дәстүрі мен мәдениетін насихаттаудағы аға ұрпақтың еңбегін ерекше атап өтті. Ол «он саусағынын бал тамған» белсенді ардагерлеріміз тұрғанда ұрпақтар сабақтастығы үзілмейтіндігіне сенім білдірді.IMG_9746
Айта кетерлігі, фестивальді осымен үшінші жыл қатарынан қалалық ардагерлер кеңесі ұйымдастырып келеді. Биыл ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шараның ауқымы кеңейіп, оған өзге аудан-қалалардан да өнерпаздар шақырылған.
– Басты мақсат – үйде отырып қалған өнерлі ардагерлерімізді сахнаға шығарып, олардың көңілін аулау, қуаныш сыйлау. Даңқты ерліктерін көріп, соңынан еріп келе жатқан жастармен арадағы қарым-қатынасын нығайту. Күн аяз болғандығына қарамастан 300 адамдық зал лық толғандығына ризамын. Себебі көрермендер өз қалауы, өз еркі бойынша шақыртуымызды қабыл алып, келіп отыр, – дейді қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәлімгерей Бексейітов.IMG_9720
Фестивальге 14 жұп қатысып, өткен ғасырдың 50-70-жылдардағы ретро әндерін шырқады. Кеш шымылдығын Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнімен Гүлнар Молдахметова мен Айман Нұрпейісова ашты. Одан кейін сахнаға шыққан Сенбай Нұрғалиев мен Елена Рерих «У синего моря», меңдіқаралық Галина Добрыдина мен Мәди Нұрмұхамбетов «А годы летят..», Жақсылық Кәкенов пен Әбілқайыр Қанафин «Надо мной небо синее», Болат Торғаев пен Айгүл Әбдірахманова «Сұлу қыз», Жеңіс Көжекеев пен Айдана Өміржанова «Кешікпей келем деп ең» атты халыққа етене жақын әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. IMG_9742Ал «Қазақ вальсін» жоғары деңгейде алып шыққан Рыскүл Жексембаева мен Маргарита Семибратованың өнерін әділқазылар алқасы бірауыздан ең үздік деп танып, фестивальдің бас жүлдесін табыстады. Кеш қорытындысы бойынша барлық жұптар демеушілер ұсынған алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Және ең бастысы тамаша концерттен халық рухани демалып қайтты.IMG_9709
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓