Саяси науқанға әзірлік

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 2016 жылғы 20 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Орталық сайлау комиссиясының қаулысы бойынша барлық деңгейдегі жергілікті мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Елдегі маңызды саяси науқанға дайындық шаралары басталып кетті. Өңірдегі ахуал туралы Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова баспасөз мәслихатындағы брифингте айтты. IMG_3858Облыс аумағында 1140 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады. Қазіргі уақытта жергілікті мәслихат депутаттығына кандидатура ұсыну жұмыстары жүріп жатыр. Алғашқы күннің өзінде 17 үміткер өз кандидатурасын ұсынды. Оның 16-сы аудандық мәслихатқа, біреуі облыстық мәслихатқа. Ал саяси партиялардың атынан ешқандай ұсыныс түспеді. 
Сайлауға Қазақстан Республикасының 20 жасқа толған, сотталғаман және сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық оқиғаларына қатысы жоқ азаматтары қатыса алады. Кандидаттарды тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. 24 ақпан-18 наурыз аралығында сайлауалды үлгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. 
2015 жылғы 26 сәуірде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткен болатын. Араға бір жыл салып тағы да маңызды саяси науқан жүзеге аспақ. Бұл жолғы саяси науқанда облыс аумағындағы сайлаушылардың саны аз тіркелген аймақтағы сайлау комиссияларының саны қысқарған. Мұндай өзгеріс азаматтардың сайлау құқығын жүзеге асыруға еш кедергі келтірмейді. IMG_3875-Бұған дейінгі саяси науқанда бір учаскеде 11 сайлаушы болды. Енді бірінде тоғыз азамат дауыс берді. Санаулы азаматтар үшін сайлау комиссиясы жұмыс істеді. Сондықтан азаматтарды жақын маңдағы көршілес учаскеге апару әлде қайда тиімді,-деді Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Антонина Маркова.
Азаматтар 20 наурызда тіркеуде тұрған сайлау учаскесінде дауыс бере алмаса он бес күн бұрын комиссия мүшелеріне ескертіп, басқа учаскеде дауыс беруге рұқсат қағазын алады. 
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓