Саяси кеңестің отырысы өтті

 Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің  төрағалығымен «Nur Otan» партиясының облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.DSC_2362
       Алқалы жиынға Саяси кеңес мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, партияның өңірлік филиалдарының басшылары және олардың орынбасарлары, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты. Кеңейтілген отырыста күн тәртібіне сәйкес партияның сайлауалды бағдарламасы мен жақында Нұр-сұлтан қаласында өткен саяси кеңесте  қабылданған шешімдердің орындалу барысы, партия жұмысын жаңғырту  мәселелері талқыланды.DSC_2374
     Жиында сөз алған облыс әкімі ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін партияның қоғамды жұмылдыру үдерісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
       – Елбасы Н.Ә.Назарбаев партия мәселелерді нақты шешу жолдарын ұсыну керек, сол кезде халық тарапынан қолдау да болатындығын атап көрсетті, – деді  Nur Otan партиясы облыстық филиалының төрағасы Архимед Мұхамбетов. – Сондай-ақ ол партияның жүйелік бағдарламасын ұсынды.
        Ал Nur Otan партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисибмаев мәлімдеді өз баяндамасында:DSC_2360
       – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықпен кері байланысты күшейтудің маңыздылығына назар аударды. Президент Нұр Отан партиясының мүшелерін ел өміріне белсенді қатысуға және халыққа жақын болуға шақырды. Партия азаматтар үшін ашық және қол жетімді болуға, халықтың мүдделерін тиімді қорғауға, халықтың сұраныстарын дер кезінде анықтап, мемлекеттік органдарға жеткізуге тиіс,-деді.DSC_2375
      Саяси кеңестің отырысында сөз алғандар қайта өрлеу  тұжырымдамасы жұмыста екпін мен басымдықтарға тоқталды. Атап айтқанда, бағдарламаға сәйкес партияның белсенді мүшелерін топтастыру, жемқорлықпен күресті күшейту және партиядан лайықты емес мүшелерді шығару үшін шаралар қабылдауды, барлық деңгейде партия органдарының әлеуетін мейлінше жүзеге асыруды, биліктің барлық деңгейінде партиялық жауапкершілікті арттыруды тапсырды.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓