Орынсыз қызғаныш отбасымды ойран ете ме?

Мен өзімді тұрмысқа ерте шықтым деп айта алмаймын. Оқуымды бітіріп, анам айтқандай жұмысыма тұрып, тәрбиелі деген жігіттің етегінен ұстадым. Жолдасыммен де бір жылдай кездесіп барып, отбасылы болуды ұйғардық. Барған жерім де жақсы. Шаңырақ көтергенімізге үш жылдай уақыт болды. Бәрі жақсы десем де менің жанымды  қинайтын  мәселе бар. Ол күйеуімнің себеп-салдарсыз қызғана беруі. Басында соншалықты мән бермейтін едім. Кейін "қайда болдың, кіммен сөйлестің?", деген орынсыз сұрақтарды көбейте бас-тады. Шынымды айтсам, әбден қажыта бастады. 211993-1306-01Отбасымызда тыныштық болсын деп ешқайда шығудан да қалдым. Жұмысқа барып, тездетіп үйге келуге тырысамын. Жолдасым жұмыста болса да, үнемі телефон шалып өзінше тексеріп тұратыны ызамды келтіреді. "Сенімсіздік танытасың" деп талай ренжіп те алдым. Ол түсінбейді. Өз қателігін көрмейді. Қонаққа бара қалғанда ішімнен қыпылықтап отырамын. Үйге келген соң "ана жігітке неге қарадың, ол саған ұнап қалған шығар" деп мазамды алады. Кішкентай баламыз бар. Баламен үйде отырғанымда ондай мінезі байқала қоймады. Енді қайта жұмысқа шыққанда тіптен үдеп кеткен сияқты. Адам мұндайдан шаршайды екен. Ашуланшақ болып, жүйкем сыр бере бастағандай. Не істесем болады? Маған кеңес берсеңіздер.
Сәлеммен Айсұлу.
 
Гүлсім Бисембаева, психолог:
IMG_0495– Бұл психиканың бұзылуы. Ондай адамдар-ға көз алдына үнемі әйелі біреумен көзіне шөп салып жүргендей елестейді. Бұл өзінше бір ауру. Мұны психологтар "қызғаныш сандырағы" деп те атайды. Қызғаныш деген өте қауіпті дүние. Оның емі де жоқ. Кейіпкеріміз өз сөзінде жүйкем сыр бере бастады депті. Бұл егер дер уақытында ойланбаса, олар ашық сөйлеспесе арты жақсы болмайды. Жүйкенің сыр беруі, бұл бастамасы ғана. Бұл келіншек өзі шешуі керек, ол осы адаммен оның қызғанышына шыдап тұра ала ма, жоқ па. Егер отбасым үшін тұрамын дейтін болса, оған ұғындыруға тырысып, оның бар мінезін елемеуге ұмтылғаны жөн. Осы орайда, жұбайлардың екеуіне отырып, асықпай сөйлесіп, бәрін салмақтап шешуге кеңес берер едім.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓