Әйел қай істе де берекелі

Бүгінгі күннің қыз-келіншектері отбасы, ошақ қасында отырып қалмайды. Олар отбасының тірлігімен қоса кәсіпкерлікпен айналысуға. Қарап отырсақ мұндай қыз-келіншектердің қатары аз емес екен. Ісін жүргізіп, ауылдың да көркейе түсуіне үлес қосып жүрген бизнес-ханымдар баршылық. Енді осындай бизнес-ханымдар "Ақмаңдайлым" бетінің әр санында қонақта болмақ. Біздің бірінші қонағымыз – Гүлжан Нұрсейітова.IMG-20160126-WA0000 Науырзым ауданының кәсіпкері, үш ба-ланың анасы, отбасының берекесін келтіріп отырған келісті әйел. Гүлжан аудан орталығынан дүкен мен шағын шатхана ашқан. Келу-шілер сауда жасап қана қоймай, бір ауық де-малып тәтті тоқаштармен шай іше де алады. 
– Гүлжан ханым, қай әйел затына болмасын кәсіпкерлікті кәсіп ету оңай шешім емес. Батыл қадамға не итермеледі?
– Негізгі мамандығым педагог. Талай жыл мектепте мұғалім де, мемлекеттік қызметкер де болдым. Үйде жұмыссыз, жолдасыма қарап отырған күндерім де болды. Жасырып қайтейін, жолдасыма арқа сүйегенім соншалық, жарық үшін де  ақыны төлемейтінмін. Кәсіпкерлікпен айналысқым келсе де жолдасым құптамады, одан өзім шешім қабылдай алмадым. Ақыры өзім қалаған іспен айналысуым керек деп шештім.
– Сіздің дәмханаңызды науырзымдықтардың мақтайтынын естідік. Бұл жақсы бастама болған сыңайлы.
– Расымен де келушілер көп болды. Дүкен аштым да, оның бір жағын шағын шатхана еттім. Мұнда келушілер тамақтанбаса да түрлі тоқаштармен шай ішіп демалуларына болады. Көп адам ауылды жерде кім шатханаға келіп шай іше береді дейсің деп ойлауы мүмкін. Біз қанша дегенмен аудан орталығымыз. Келушілер аз болмады. Ғимаратты жалға алғандықтан қазіргі уақытта аздап үзіліс алуға тура келіп тұр. Бірақ жоспарым көп. Осы жерден жаз шыға дёнер жасайтын дәмхана да ашқым келеді. Жоспарым да, қиялым да сан қилы. Оның бәрі әзірге құпия болсын. Ең бастысы өз шешіміме ризамын, жұмысым ұнайды. 
– Өзіңіз сияқты әлі де ісін бастауға батылы жетпей жүрген қыз-келіншектерге қандай ақыл дегеннен гөрі, сыр, кеңес айтып, бағыт берер едіңіз?
– Менің барлық қыздарға айтарым, күйеулері-ңізге сеніп, отбасында отырып қалмаңыздар. Бір істі бастау үшін қолдау керек, мен оны түсінемін. Бірақ одан да маңыздысы батылдық, шыдам және еңбек қажет. Бұрындары құжаттармен жүре қоймайтын едім. Қазір бәрін өзім істеймін. Аспаздар үлгере алмай жатса, өзім кірісіп кетем. Тағы бір айтарым, бүгінде мемлекет тарапынан ұсынылып жатқан бағдарламалар өте көп. Сол мүмкіндікті пайдаланыңыздар. Қолды сілтеп, оның бәрі де өтірік деу тек жалқаудың ісі. Бәріне тәуекел етіп көру керек. Мен отбасының берекесін келтіріп, бәрін үлгертіп отырған әр әйелдің кез келген істі де дөңгелентіп әкететініне сенемін.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓