Қыздың көркі бұрымында!

Міне, осы орайда қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында "Ақмаңдайлым" қыз-келіншектерге арналған бетінің бір бұрышынан "Бұрымды арулар" байқауын жариялап отырмыз. Байқауға қатысып, бақ сынаймын деген бұрымды арулар 54 28 42 нөміріне хабарласыңыздар.
Алғашқы үміткеріміз – Индира ӘБІЛОВА.
Қазтұтынушылар одағының Қарағанды экономикалық университеті Қостанай облыстық филиалының 1 курс студенті.
Мамандығы – заңгер, жасы – 23 те.
Шаштың әдемілігіне, тазалығына аса мән беретін Индира бойжеткеннің бұрымы оның сымбатын асырып, сәнін айшықтап қана қоймайды, ол қазақ қызының бойындағы ұяңдықты, әдептілікті, инабаттылықты сездіреді деп есептейді.