Кәсіпкерлікке кең өріс

«Даму» қорының Қостанай облыстық филиалы жаңа жобаны жүзеге асырмақ. Жоба "Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау" деп аталады. дамуБүгінде кім де болмасын өз алдына жеке кәсіппен айналысқысы келеді. Бірақ ол үшін тәжірибе керек екені анық. Осы орайда "Даму" қоры жақсы бастаманы қолға алғалы отыр. Олар жастарға қаржылай қолдау көрсетпесе де, өз ісін қалай бастап, дамыту керек екенін үйрететін болады. 
-Бұл шағын бизнестің дамуына жол ашады деген сенімдеміз. 18-29 жас аралығындағы жастар, жоғарғы оқу орындарының студенттері бүгіннен қызығушылықтарын танытуда. Әзірге өтініштер қабылдап жатырмыз. Ниет танытқандардың бизнес жобалары болуы қажет. Оқыту курстары үш күн болады деп жоспарлап отырмыз. Бітірген соң арнайы сертификаттарға ие болады, – дейді "Даму" қорының менеджері Әсел Қазақова. 
 
 Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓