Несие алып, кәсібін ашты

«Жұмыспен қамту  2020 жол картасы» бағдарламасы кәсіптің нәсібін көрем деген азаматтарға үлкен демеу көрсетіп келеді. Мемлекет тарапынан бүгінде кәсібін дамытамын дегендерге жақсы қолдау көрсетіп отыр. Осы мүмкіндікті тиімді пайдаланушы азаматтардың бірі – Меңтай Маметов.жумыс 2020
Бұл кісі Науырзым ауданының тұрғыны. Өткен жылдың тамыз айында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағыты  арқылы өз ісін ашу үшін  4,5 жыл мерзіміне 1,65 млн. теңге шағын несие алған. Алынған ақшаға жиһаз жасайтын құрал-сайман, материалдар сатып алып, өз мақсатын жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Несиені алғандағы басты ойы – үй жиһазын жасау.
Меңтай Байзақұлы қазір әр түрлі жиһаздарды жасап, халыққа сатуда. Оның заттарына деген сұраныс та жақсы. Мұндай заттар әр үйге керек екені белгілі. Ауыл кәсіпкерінің кәсібі жүріп тұр. Қасына көмекші етіп өзгені емес, келген ақшаның жолын білсін деп үлкен ұлын еңбекке баулуда. Баласы күні ертең ісін жалғастырушысы емес пе.
–«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы азаматтардың кәсіпкерлікпен айналысуына мүмкіндік беріп отырғаны шындық. Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Науырзым ауданында биыл 43 млн. 427 мың теңге көлемінде шағын несие берілді. Несие алған әр азамат бүгінгі күні өз ісін дөңгелетуде, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлжанат Тазибекова.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓