Үш күнде он жол-көлік апаты болды

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда облыс аумағында үш күнде он жол-көлік апаты болды. Жалпы жыл басынан бері 600 жол-көлік оқиғасы болып, 750 адам жарақат алып, 101 адам қаза тапқан.
7 қараша күні Қостанайда Матросов–Таран көшелерінің қиылысында
"Волга" автомобилінің жүргізушісі 52 жастағы жүргінші әйелді соғып кетті. Жүргінші әртүрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
8 қараша күні Әулиекөл-Қостанай  автожолында Арқалық қаласының 52 жастағы тұрғыны "Hyundai Grand Starex" автомобилімен келе жатып көктайғақта рульге ие бола алмай қалып, көлігімен аударылды. Апаттың салдарында екі жолаушы жарақат алды. Осы ауданның Новонежин кентінде  "DAF" автомобилі жол тайғақ болып кафенің жанында тұрған "BMW" автомобилін барып соқты. "BMW" автомобилінің екі жолаушысы  жарақат алып, ауруханаға түсті.
Затобол кентінде жанар-жағармай құю стансасының жанында  "ВАЗ-21074" және "Лада Ларгус"  автомобильдері көктайғақ болуы себепті соқтығысып қалды. ВАЗ-дың жүргізушісі мен жолаушысы жарақаттанды.  Сондай-ақ Қостанай–Қарабұтақ жолында үш жол-көлік апаты болып, төрт адам жарақат алып, бір адам опат болды.
Барлық жол-көлік оқиғалары бойынша алдын ала тергеу жүргізілуде.
Мнауара
       ҚАБДРАХМЕТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓