Ертең 40 градус аяз болады

Қыс қаһарына мінді. Қостанай облысында 21-не қараған түні сынап бағанасы 30-35 градусқа дейін төмен сырғиды, ал күндіз аяз екпіні 25-30 градусты көрсетпек. Мұндай жорамалды "Қазгидромет" РМК жасады.мороз
21 желтоқсанда түн мезгілінде облыстың солтүстік өңірлерінің кейбірінде үскірік -40 градусқа дейін жетпек. Ал оңтүстікте аяз сынап бағанасын 23-ші белдемге тұралатпақ. Нақ Қостанайда түнгі ауа райы -31−33˜, күндіз 23-25 градусты көрсетеді.
Сондай-ақ, алдағы тәулікте облыс орталығындағы жел жылдамдығы секундына 9−14 метр, кейбір жерде 20 метрге дейін жететінін болжайды. Мұндай ақшұнақ аяздың жиілеуін метеорологтар Қазақстан аймағына Арктикадан салқын ауа массасының кіруімен түсіндіреді. Бұл солтүстік антициклонның ықпалымен байланысты.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓