Уақыт талабына сай
Мемлекетіміз жекешелендіру мен экономикалық ырықтандыру бойынша біздің тарихымызда бұрын-соңды болмаған қадамдарға барып отыр. Еліміз қазірдің өзінде көпшілікке аяққа нық тұруға жағдай жасап келеді. Шағын ғана мысал, іскерлік жорналдардың бірінші беттерінен көрініп, кәсібіміздің алға басып келе жатқанының өзі қайда жатыр? Соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлердің қатары күн сайын артып, онымен қоса көптеген кәсіпорындар ашылды. Жеке кәсіпкерлік саласы жақсы дамып, елімізді қамбасын толтырып, жәрдемдесіп келеді. Осы істің бәрі, толық нұсқасы кеше ғана Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылып, халқымызға капиталды заңдастыруға, жекешелендіру тендерлеріне белсенді қатысуға шақырып отыр. Бұл тек менің ғана ойым емес, жергілікті атқарушы органдардың және белгілі қауымдастықтардың пікірлері де осыған саяды. Мемлекет кәсібіміздің дамуына жол ашып, барлық жағдайды жасап, бүгінгі күні бізге үлкен жауапкершілік артып отыр. Осы міндетті мойнымызға артып, мүмкіншіліктерді тиімді пайдаланып, әр іске белсенді қатысып, ашық та пайдалы жұмыс істеу енді біздің міндетіміз. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», ертеңгі күнімізге сеніммен қарап, қуатты ел болу үшін жолдаудағы қойылған барлық міндеттерді орындасақ, ісіміз өнімді, затымыз өтімді болып, еліміз биікке самғайтынына сенемін!
Елбасымыздың жүктелген ойларын жүзеге асырудың негізгі рөлі, ең алдымен, жас қазақстандықтарда. Ал Жолдау – қазіргі әлемдік экономикалық, саяси, рухани дағдарыс жағдайында ел тағдырын тығырықтан алып шығар, уақыт талабына сай бағытталған тарихи құжат. Түрлі қоғамдық институттарымен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері – мемлекеттік органдар, оқу орындары, жекеменшік компаниялармен, үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік тапсырысты іске асыруы жайлы 2016-жылы "Жас Отан" ЖҚ айрықша көңіл бөледі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл». «Нұр Отан» партиясының жастар өкілдігі, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері Қазақстанмен бірге қалыптасу жолында деп айта аламын. Біз ұйымдық және идеологиялық түрде нығайдық. Бәріміз бірге Ұлт көшбасшысының бес реформа жоспарын іске асыруға тырысамыз. Бұл реформалар жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап болып, сонымен қоса 30 дамыған елдің құрамына еніп, жаңа тарихи жағдайларды туғызуға жағдай жасайды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы бұл реформаны «Ұлт жоспары» деп атап, алдағы 10-15 жыл аралығында қазақстандықтар үшін маңызды мақсат пен міндет болуы тиіс деп айтып кетті.
Елбасы Қазақстанның басты межесі әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, қом қуатты, тегеурінді елдермен иық түйістірудіің мақсат екенін алға қояды. Рас, елдің дамуы үшін әрбір қазақстандық, қала берді, әр қостанайлық тамшыдай болса да үлесін қосуға міндетті. Президент қарашадағы жолдауында «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы ұстануға шақырады. Қазіргі алмағайып кезеңде халыққа қажеттісі – бірлік, ынтымақ.
Соңғы жылдары Қазақстанда спортқа, оның ішінде, ұлттық ойындарға жақсы көңіл бөлініп келеді. «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» сияқты байрақты бәсекелерде ел спортшыларының бағы жанса, төккен тердің жемісі деп білеміз. Сондықтан да, талмай, талаптанып еңбек етуіміз керек. Жолдауда көрсетілген бағыттарды іске асырсақ, қуатымыз қарыштап, бірлігіміз баянды болатынына сөзсіз сенімдімін.